Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын Республикалық балалар оқулары байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
2023 жылы Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі 8-10 сынып оқушылары қатысады. Байқаудың І кезеңін 2023 жылғы 20 қыркүйекте өткізіледі.

Similar Posts