«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 қыркүйекте Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІV облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
Биылғы жылғы олимпиаданың тақырыбы болып қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары сайланды.
Жазғы демалыс кезінде оқушыларға осы екі романды оқып, оларға және онда бейнеленген тарих кезеңіне арналған ғылыми әдебиетпен танысу қажет болды.
Шараға 57 оқушы қатысты, оның ішінде 42 – мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерден, 15 – орыс тілінде оқытылатын мектептерден.
Олимпиада екі кезеңде өтті: І – тест тапсырмаларын орындау; ІІ – эссе жазу.
Сайыс қорытындысында 15 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 1, ІІ дәрежелі дипломмен – 2, ІІІ дәрежелі дипломмен – 12.
І дәрежелі дипломға – Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мерболатова Зарема ие болды.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Павлодар қ. №40 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Гладышева Анастасия; Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қасым Тәттігүл.
ІІІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хайролла Фатима; Тереңкөл ауданы А.Н. Елгин ат. №1 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тыртыкаев Ален; Екібастұз қ. Атығай ЖОББМ 11-сынып оқушысы Солтбай Аружан; Тереңкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Коракова Меруерт; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; Баянауыл ауданы З. Ақышев ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қаракесек Айым; Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Рахметолла Перизат; Май ауданы Ақжар ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр; Павлодар қ. №40 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жакенова Мөлдір; Ақсу қ. М. Қабылбеков ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сагандык Сания; Павлодар қ. Жетекші ЖОББМ 11-сынып оқушысы Шибинская Анастасия; Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Саттарова Маргарита иеленді.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО
шығармашылық даму бөлімінің
әдіскері Б.З. Жапарова

Similar Posts