Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиада Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі. Олимпиадаға білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 3 қазанында сағат 10.00-де өткізіледі. Өткізілетін орны: Торайғыров университетінің базасында (Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64).

Екінші  (іріктеу) кезеңі  екі  турда өткізіледі.  Бірінші тур  (қашықтық) 20 қазанда сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өтеді. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс  құрамында 20 адамнан аспайтын команда ұсынады.

Екінші кезеңнің екі турының қорытындысы бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті республикалық кезеңнің қатысушыларын анықтайды.

 

 

Similar Posts