Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында екінші рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді.

Республика көлемінде өткізілген айтыскерлер додасына жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарынан 32 оқушы қатысты, соның ішінде Павлодар облысынан 2 жас ақын.

Шара қатысушыларына Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» мұражайына, Сүйінбай, Жамбыл, Есенқұл бабаларға тағзым ету, Жамбыл Жабаев мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Айтыс қорытындысында Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан І дәрежелі дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Баянауыл ауданы Ш.Шөкин ат. жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрақымет Мәуітке ынталандыру сертификаты табысталды.

Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі ақындар сыныбының жетекшісі Пәзіл Жеңісбекке және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты ақындар үйірмесінің жетекшісі Тұрғанбек Асығат Сәулетұлына шәкірттері өнер көрсеткені үшін Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаттары табысталды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts