«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 29 қыркұйекте 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 12 мамандандырылған мектептен 50 оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысында 21 оқушы жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 3, ІІ дәрежелі дипломмен – 7, ІІІ дәрежелі дипломмен – 11 .

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – (Мағжан шығармаларын жатқа оқу) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Аманжол Ақбота; ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Иманкулова Анель; Тереңкөл ауданы Березов ЖОББМ 10-сынып оқушысы Баймухамбетова Сабина; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. М.Қабылбеков атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманкелд Алтанхан; Баянауыл ауданы Ә. Марғұлан ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Серік Мархабат; Успен ауданы Константинов ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ерғали Балнұр марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар) бағытында І дәрежелі дипломды – Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат; ІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Турсынова Жандина; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ, Ә.Бөкейхан ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жылқайдарова Сана; Ақсу қ. Ю.Гагарин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан; Ертіс ауданы №2 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Хайрат Айзере; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Ерсін Асылбек иеленді.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» (ақын шығармашылығы бойынша зерттеу жоба жазу) бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Хумарбек Махсат; ІІ дәрежелі дипломға – Тереңкөл ауданы Береговая ЖОББМ 8-сынып оқушысы Кожаш Айгерім; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Серікбай Ақсезім; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6-сынып оқушысы Қаиркен Айжұлдыз; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Абаева Камила; Баянауыл ауданы Қаражар ЖОББМ 8-сынып оқушысы Тусупова Ботагоз; Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Исемберлинова Адина; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Жарасова Алтынай ие болды.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts