Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 10 қазанда Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер»  облыстық экологиялық конкурсын өткізді.

Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды ұсынды:

– елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау;

– менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;

– біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.

Қазылар алқасының құрамына Ә. Марғулан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының» жетекші оқытушылары және облыстық «Ертіс» телеарнасының редакторлары кірді. Ұсынылған жұмыстарды саралап, бағалау шарттарына сәйкес ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздары мен жүлдегерлерді анықтады.

Облыстық байқауға аудандық және қалалық кезеңдерінің 75 жеңімпазы қатысып, 37 оқушы Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломға – 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға –  15 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға –  18 оқушы ие болды.

Фотографиялар

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts