Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ  «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын Республикалық балалар оқулары байқауын ұйымдастырады.

Байқау мақсаты –  балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Осыған орай, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 12 қазанда байқаудың облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға өңіріміздің 19 жалпы білім беретін және мамандандандырылған мектептерінен   8-10 сыныптарының 51 аудандық, қалалық кезеңінін жеңімпазы қатысты.

Байқауда әр сынып оқушысы «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған отандық және шетелдік әдеби кітаптар бойынша  екі тапсырма орындады: І – тест өтті (30 сұрақ – қазақ әдебиеті шығармасы, 30 сұрақ –       шетел әдебиеті шығармасы); ІІ –эссе жазды.

Байқау қазылар алқасының қорытындысы бойынша 19 қатысушы жеңімпазы атанды. І-орын  3 оқушы,  ІІ-орын  6 оқушы,   ІІІ-орын 10 оқушысы иеленді.

Жеңімпаздар Республикалық балалар оқулары байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts