Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 қазанда 8-11 сынып оқушыларының арасындағы республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 13 мамандандырылған мектептен 98 оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысында 44 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 6, ІІ дәрежелі дипломмен – 16, ІІІ дәрежелі дипломмен – 22.

«Шешендік білгірлік сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 10-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр; ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Телтаев Данияр; дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қабетова Ақерке; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Назымбекова Жадыра; Баянауыл ауданы З. Ақышев ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Шайқыбекова Нұрай; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Болат Серіжан; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Хабдуллова Ардана марапатталды.

«Көркемсөз оқу» бағытында І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Үштерек ЖОББМ 8-сынып оқушысы Баймұрат Мейрамбек; ІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Төлеш Перизат; Успен ауданы Абай ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Құсыман; Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Хамитова Амина; ІІІ дәрежелі дипломды – Май ауданы Қаратерек ЖОББМ 8-сынып оқушысы Орынтай Ақмарал; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 8-сынып Нұрболқызы Әлия; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ержанұлы Мирас; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира иеленді.

«Эссе жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан; ІІ дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы С.Торайғыров ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сеитова Нурай; Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 8-сынып оқушысы Тілеубек Жания; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Каиржанова Аида;

ІІІ дәрежелі дипломға – дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ахметканова Аяулы; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Бейсенхан Толғанай; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Кенжахан Жансұлу ие болды.

«Ақындар мұшәйрасында» І дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Иманғазы Қадырхан; ІІ дәрежелі дипломмен – Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қанаш Ернұр; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Сағидолла Мансұр; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №17 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан; Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Турсынова Жандина; Ақтоғай ауданы Т. Бигелдинов ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Аманжол Сабина; Ертіс ауданы Қызылжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қазыналы Асқар марапатталды.

«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында І дәрежелі дипломға –  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Кабир Дания; ІІ дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 8-сынып Тавлетеева Агиля; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тулеубекова Динара; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Омаров Дәулет; ІІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 9-сынып оқушысы Нұркен Айша; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Бақтыбаев Нұрасыл; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Амангелді Ералхан; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Нуркенова Дарина ие болды.

«Ақындар айтысында» І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қазбек Ибраһим; ІІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ЖОББМ 11-сынып оқушысы Солтанбай Күннұр; Павлодар қ. Қ. Бекқожин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Мұрат Заңғар; ІІІ дәрежелі дипломды ­ дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Қайырбай Азамат; Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол иеленді.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts