Қазақстан Республикасының ұлттық мереке мәртебесіне орай туған елдің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау мақсатында 9-10 сынып оқушылар арасында «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар Республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі 2023 жылдың 16 қазанында №2 жалпы орта білім беру мектебінің негізінде өткізілді.
Конкурсқа облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 90 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын -57, орыс тілінде — 33.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).
«Менің шағын Отанымның болашағы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Темірболат Алуа; ІІ дәрежелі дипломымен Успен ауданы М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Арынова Адель; ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған 10 сынып оқушысы Царенко Марк; Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Серигжан Әйгерім; Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Шукеев Диас; Екібастұз қаласы №26 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Рахимбаева Жадыра; Тереңкөл ауданы, Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Мизамидин Бейбарыс марапатталады.
«Шағын Отанымның символы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Жиенхан Сая; ІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Қасқырбек Оразайым; Баянауыл ауданы Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Сапар Назерке; ІІІ дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Асылбек Райымбек; Екібастұз қаласы №24 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Шарипова Дария; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Нұрғазықызы Сабина ие болды.
«Менің шағын Отанымның тарихы » номинациясы бойынша І дәрежелі дипломымен Баянауыл ауданы Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Амантай Шұғыла; ІІ дәрежелі дипломымен «Жас дарын» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нығметқызы Зайни; ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Гайрулла Әдия; Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Сапар Жанбота; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы Бекен Балнұр; Қ.Сәтбаев атындағы мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Ахметова Айдана; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Сәкен Әнел; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Рыспаева Адина иеленді.
«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша І дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Байзолова Инабат; ІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Тельман Толғанай; дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Сұнғат Жәмиля; ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Науменко София; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Тлебалды Іңкәр; Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Кайыргалым Жансұлу; Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Оспанова Дарина; Павлодар қаласы Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жүкей Аружан; Тереңкөл ауданы А.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Исимбаева Лиана марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңге қатысады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы