Өтетін күні: 2023 жылғы 18 қазанда.

Өтетін орны: Павлодар қ., Торайғыров университеті (Ломов көш., 64).

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Торайғыров университеті.

Олимпиаданың  мақсаты –  үш және одан да көп тіл үйрену бастамасын қолдау, көптілді білім беруді дәріптеу, көптілді тұлғаны қалыптастыру.

Павлодар облысы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында көптілді олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізуге жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау, олардың тілдерге қызығушылығын дамыту, пәндерді шетел тілінде оқытатын мұғалімдер мен оқытушылардың белсендіктерін арттыру – олимпиаданың негізгі міндеттері.

Олимпиаданы Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Павлодар университетінің халықаралық ынтымақтастық департаменті бірлесіп өткізеді.

Олимпиадаға облыс мектептері 9-11 сыныптарының 75 оқушысы қатысады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Олимпиада бағдарламасы:

09.00-09.30 – қатысушыларды тіркеу

10.00-12.00 – І қезең (жазбаша)

12.00-13.30 – Үзіліс/ экскурсия / (түскі ас) қорытындылау

14.00-16.00 – ІІ қезең (ауызша)

16.00-17.00 – Олимпиада нәтижелерін жариялау /ұйымдастыру комитеті

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 87074982294

Similar Posts