Республика күнін мерекелеу қарсаңында 2023 жылғы 23 қазанда «Қоғамдық Келісім» үйінде облыс әкімі А. Байхановтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өткізілді.
«Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысына соңғы үш жылдағы облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық жарыстардың, облыстық, аймақаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ие болды.
Қоғамдық маңызы бар іс-әрекет жасаған білім алушыларға сыйлықақы конкурстан тыс берілді.
«Тәуелсіздік ұланы» байқауына 700-ден астам өтінім түсіп, облыстық кезеңге 365 үміткер өтті. Конкурс қорытындысы бойынша 100 оқушыға 50-еселі АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді.
Жеңімпаздар 5 номинация бойынша марапатталды: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясы бойынша — 44, «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін) – 7, «Шығармашылық шеберлік» — 23, «Спорттық шеберлік» — 20, «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» — 6 жасөспірім мен студент.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы