«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 26 қазанда 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға 3 қала, 8 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 8 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 34 оқушы қатысты.

Сайыс үш бағыт бойынша жүргізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды; «Жыр эстафетасында» қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп, жатқа оқыды; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында жас ақындар өз туындыларымен таныстырды.

Оқулар қорытындысы бойынша 21 оқушы жүлделі болды, оның ішінде Бас жүлде – 3, І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 9.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағытында Бас жүлдемен Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова ат. №3 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Багай Медина марапатталды; І дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хусман Назерке; ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Иманкулова Жанар; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Аманбек Нұрсәуле; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы Абай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қошман Гүлім; Май ауданы Е. Мұқашев ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бейсенбаева Сулужан; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Шаяхметова Ардана; Қабанбай батыр ат. «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Мағамет Аяжан.

«Жыр эстафетасы» бағытында Бас жүлдеге Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Маненова Адия ие болды; І дәрежелі дипломға – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұматай Жансая; ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №31 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Абельдинова Жасмин; ІІІ дәрежелі дипломға – Аксу қ. Қызылжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Маратқызы Нурдана; Қабанбай батыр ат. «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Умарова Алима.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында Бас жүлдені Аксу қ. Ю.Гагарин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тіленіш Еркебұлан иеленді; І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат.  дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан; ІІ дәрежелі дипломды – Ақтоғай ауданы Т. Бигелдинов ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Аманжол Сабина; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 11-сынып оқушысы Мұрат Дина; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 7-сынып оқушысы Ұзақбай Жансұлу; ІІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Курманшаравқызы Гаухар; Аққулы ауданы

А. Баймолдин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Кәдірбек Ұлар; Ертіс ауданы Бірлік ЖНББМ 7-сынып оқушысы Серікбай Аянат.

Облыстық конкурстың Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts