«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы      2023 жылғы 27 қазан күні 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық  олимпиадасы облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиадаға облысымыздың 93 оқушысы қатысты. Оның ішінде:  7 сынып оқушылары – 45,  8сынып оқушылары – 48.

Олимпиада қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І – 4,  ІІ – 6, ІІІ –  14.

География пәнінен Ұлттық  олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын алған төрт оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі www.ertisdaryn.kz сайтта жарияланған.

Жеңімпаздар

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts