Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінде 2023 жылғы 2 қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 374 жоба (475 қатысушы) авторлары өз жұмыстарын ұсынды.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Зерттеу жобалары 12 секция бойынша қорғалды: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі; математика, қолданбалы математика; физика, космос секциясы; туризм және спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника, STEM инженерия; технология және өнер секциясы.
Конкурстың қорытындысы бойынша 263 жобаның авторы (289 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 24 жобаның авторы (30 қатысушы), ІІ-ші орында – 64 жобаның авторы (81 қатысушы), ІІІ-ші орында – 133 жобаның авторы (178 қатысушы), Құрмет грамотасымен 42 жоба авторы (53 қатысушы) марапатталды.
Облыстық кезең жеңімпаздары «Зерде» республикалық конкурсқа жолдама алды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы