Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы аясында  Астана қаласында 2023 жылғы 1-2 қарашада «Республикалық балалар оқулары» ІІІ кезеңі өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – кітап оқуға құштарлығын арттыру, отандық және шетелдік әдебиетті зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Павлодар облысынан республикалық шараға өңірлік кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық балалар оқуларының қорытындысында байқау комиссияның шешімі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Қалқаман ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кашкеева Ақбота марапатталды. Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мусабеков Береке және Ақсу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Уахит Әлия Алғыс хатқа ие болды.

Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Similar Posts