Ұлытау облысының Жезқазған қаласында 2023 жылғы 31 қазан мен 2 қараша күндер аралығында 9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химия пәнін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Зияткерлік сайыста Қазақстанның барлық аймақтарынан 75 қатысушы бақ сынасты. Павлодар облысын дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің Кабир Дания және  облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының Осипов Владислав таныстырды.

Жас дарынды біздің оқушыларымыз жақсы өнер көрсетіп олимпиада қорытындысы бойынша қола медальдарын иеленіп және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Similar Posts