Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Павлодарлық оқушылар математика, физика және информатика пәндері бойынша қатысады

Алматы қаласында 16-23 ақпан аралығында Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн форматта математика, физика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтуде. Олимпиадаға 22 елден 150-ден астам команда қатысады. Бірегейлік-олимпиада дәстүрлі түрде бірден үш пән бойынша өткізіледі. Олимпиада Ережесіне сәйкес әр команда құрамына 7 қатысушы кіруі тиіс: математика бойынша 3 қатысушы, физика бойынша 2 қатысушы және информатика бойынша 2 қатысушы және Олимпиаданың үш ресми тілінің бірін меңгерген 1 басшы: қазақ, орыс немесе ағылшын. Мектеп командаларының толық емес құрамға қатысуына жол беріледі. Біздің облыста олимпиада құрамына 15 оқушы 2 команда қатысады: № 8 мектеп-лицейі оқушыларының құрама командасы және Абай ат. гимназия, № 3 гимназия, жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Екібастұз қ. № 1 мектеп-лицейі, облыстық көпсалалы көптілді лицей-интернатының облыстың құрама командасы. Олар 2021 жылғы республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегер оқушылары. Олимпиада № 8 мектеп-лицейінің базасында өтеді, команда жетекшісі Виталий Александрович Кожокар.
Біздің балаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Similar Posts