Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 4 қарашада 7-11 сынып оқушылар арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 9 аудан, 3 қала және 11 мамандандырылған мектептен 51 оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысында 27 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: Бас жүлде – 3, І дәрежелі дипломмен – 4, ІІ дәрежелі дипломмен – 8, ІІІ дәрежелі дипломмен – 12.

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – (Мағжан шығармаларын жатқа оқу) бағыты бойынша Бас жүлдемен – Ақсу қ. Береке ЖОББМ 11-сынып оқушысы Амандық Ақтілек; І дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Иманкулова Анель; ІІ дәрежелі дипломмен – Баянауыл ауданы Ә. Марғұлан ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Серік Мархабат; Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 9-сынып оқушысы Баймухамбетова Сабина; ІІІ дәрежелі дипломмен – Успен ауданы Константинов ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ерғали Балнұр; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Аманжол Ақбота; Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінң 9-сынып оқушысы Мухаметрахимов Бауыржан марапатталды.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар бағытында Бас жүлдені – Павлодар қ. №35 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Аманжол Амира; І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс; ІІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы Ш. Айманов ат. ЖОББМИ 10-сынып оқушысы Қанаш Ернұр; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Макаров Муслим; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ, Ә. Бөкейхан ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жылқайдарова Сана; Екібастұз қ. Байет ЖОББМ 9-сынып оқушысы Хурметбекқызы Ботагөз; Ақсу қ. Үштерек ЖОББМ 10-сынып оқушысы Досан Наурызбай; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Дәулетқан Айсұлтан иеленді.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» (ғылыми жоба) бағыты бойынша Бас жүлдеге – Қабанбай батыр ат. «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Егінтай Мәди; І дәрежелі дипломға – Ақтоғай ауданы Қ. Нығманов  ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қимадиден Саяжан; Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 10-сынып оқушысы Нұрқуат Айбұлақ; ІІ дәрежелі дипломға – Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қасым Тәттігүл; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Бекнияз Райса; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Зарахан Нұржол; ІІІ дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия мектебінің 7-сынып оқушысы Шарапат Жарқынай; Ақсу қ. Үштерек ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жексенбай Назерке; Баянауыл ауданы Қаражар ЖОББМ 7-сынып оқушысы Тусупова Ботагоз; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7-сынып оқушысы Кәлемшарив Амина; Қ. Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Сабиганова Аружан ие болды.

Бас жүлдеге ие болған облыстық кезең жеңімпаздары республикалық «Мағжан оқулары» байқауына қатысады.

 

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

шығармашылық даму бөлімінің

меңгерушісі Д.К. Саламбекова

Similar Posts