Алматы қаласында 2023 жылғы 1-3 наурыз күндері Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінде дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIII Халықаралық конкурсы өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты-математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.

Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстан, Тәжікістан  мемлекеттерінің 150 оқушы 112 зерттеу жобаларын ұсынды. Олар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша бақ сынады.

Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің 7 жеңімпазы мен жүлдегерінен 11 сынып оқушыларынан құрастырылған Павлодар облысының командасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен Чингинина  Асем облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы (экономикадағы математикалық әдістер секциясы, мұғалімдері  Исадилова А. Н., Нургазина Г.Б.);  ІІ дәрежелі дипломымен Омар Айбала облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы (экономикадағы математикалық әдістер секциясы, мұғалімі Нургазина Г.Б.), Бочкарева Екатерина Ақсу қаласының лицей- мектебінің оқушысы (механика секциясы, мұғалімі  Пехова Н. А.) және  Клименко Георгий Екібастұз қаласының  №35 мектеп-гимназиясының оқушысы (механика секциясы, мұғалімі Култуманов Б.М.); ІІІ дәрежелі дипломымен  Кабиев Алтынбек және Аубакиров Арман дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының  оқушыларылары (механика секциясы, мұғалімдері Брус Т. М., Сыздыков Р. Ж.) және Крайнова Карина дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебі (математика секциясы, мұғалімі Лозинская Н.В.).

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!

 

                         «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts