Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 10-11 наурыз аралығында алғашқы рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді. Республика көлемінде өткізілген айтыскерлер додасына жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарынан 32 оқушы қатысты, соның ішінде Павлодар облысынан 2 жас ақын. Айтыс қорытындысында павлодарлық оқушылар арнайы номинацияларға ие болды. Ақын Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлдемен Екібастұз қаласы С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан марапатталды, Кенен Әзірбаев атындағы жүлдені Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан жеңіп алды. Екібастұз қ. С. Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтова Кулбаршын Аркалыковнаға және Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебі ақындар сыныбының мұғалімі Пәзіл Жеңісбекке шәкірттері өнер көрсеткені үшін Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаттары табысталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts