Ертіс өңірі зияткерлерінің олимпиадалық жетістіктері
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 18-21 сәуір аралығында облыстық көп салалы лицей-интернатында өтті. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада өткізілетін орындарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысты. Олимпиада өткізу кестесіне сәйкес 2 турда өтті. Іс-шара онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық…

