Павлодар облысының жас зерттеушілер конкурсы
Павлодар қаласының Ж. Тәшенев жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылғы 14 қарашада 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 478 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру…

